Аңдатпа
Мақалада білім беру сапасының экономиканың дамуына әсері қарастырылады. Адами ресурстар мемлекеттің басты әлеуеті болып табылады және елдің экономикалық өсуі олардың даму деңгейіне байланысты. Білім беру қызметінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру уақыттың маңызды басымдығына айналып отыр. Зерттеудің мақсаты – тұрақты экономикалық даму құралы ретінде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді пайдалану тәсілдерін зерттеу. Білім беру сапасын және оның экономикалық өсуге әсерін зерттеу әдістемесі білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында білім беру қызметтерінің деңгейін сырттай бағалау және сапалы білім беру мәдениетін көтеруді салыстырмалы талдау әдістеріне негізделген.
Түйін сөздер
білім сапасы, экономикалық өсу, адам ресурстары, халықаралық аккредитация, рейтинг