Аңдатпа
Инвестициялық активтілік жəне экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, əрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тəсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді. Инвестициялық қызметті активтендіруде тікелей шетел инвестициясы үлкен рөл атқаруы мүмкін. Оларды əлемдік практикада сырттан капитал салымы деп түсінеді, жəне де инвестордың кəсіпорынды толық бақылауда ұстау мүмкіндігі туады. Мақалада автор шетел елдерінің инвестициялық реттеуін сипаттайды.
Түйін сөздер
инвестиция, нақты инвестиция, шетелдік инвестиция, мемлекеттік реттеу, инвестиция қозғалысы, мемлекет