Аңдатпа
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қазіргі кезеңі бюджет қаражатын пайдалану туралы сапалы ашық есептілікті қалыптастыруды және бухгалтерлік есеп пен мемлекеттік аудиттің жаңа жүйесін дамытуды талап ететін бюджет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігі қағидаттарында бюджет процесін реформалауға көшумен сипатталады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа жүйесін қалыптастыру негізінде қоғамдық секторда бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту қаржыландыру жоспарларының орындалуын бағалауды ғана емес, қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауға бағытталған. Әлемнің көптеген елдерінде, дамыған нарықтық экономикада да, дамушы нарықта да мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге байланысты нәтижеге бағытталған бюджеттеу жүйесін енгізу бойынша реформалар жүргізілді.
Түйін сөздер
мемлекеттік аудит, саясат, қаржылық бақылау, ресурстар, әдіс, аудит жүргізу