Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]
Notice (8): Trying to access array offset on value of type null [ROOT/templates/layout/index.php, line 86]

Журнал туралы

Халықаралық ғылыми журнал «Education. Quality Assurance» – бұл «Аккредиттеу және рейтингтің ұлттық тәуелсіз агенттігі» КЕМ мерзімді баспа басылымы болып табылады, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің байланыс, ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау Комитетімен тіркелген мерзімді басылым (мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік №88888-Ж 2018 жылы 8 ақпан), есепке алғашқы қойылған күні - 2013 жылы 28 мамыр (№ 13644-Ж). Журналда ISSN 2617-0493 баспа нұсқасы индексіне ие.


ЖУРНАЛ МАҚСАТТАРЫ

Журнал ғылыми ақпараттық жүйенің бір бөлігі ретінде келесі міндеттерді шешуге қатысады:

  • отандық және шетелдік авторлардың соңғы теориялық, әдістемелік және практикалық жетістіктерімен танысу;
  • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тарату;
  • экономиканы, қоғамды дамытудың заманауи талаптарына жауап беретін біліктілікті даярлау және жетілдіру, білім беру сапасын арттыру мақсатында кәсіби қызметте дағдыларды, құзыреттерді және тәжірибені меңгеру;
  • білім мен ғылымның сапасын арттыруға ықпал ететін диалог алаңын қалыптастыру;
  • жас ғалымдардың, докторанттардың, магистранттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға ықпал ету.


МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ

Журнал мамандандырылған басылым болып табылады және Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің ғалымдарына, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттары мен магистранттарына, мемлекеттік органдарға, білім және ғылым саласындағы басшылар мен мамандарға арналған.